Қазақстанда шілде айынан бастап газ тарифі өзгерді

05.07.2018 21:16

Қазақстанның алты аймағында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап газ тарифі өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lsm.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысы мен Алматы қаласында бөлшек сауда бағасы төмендеген. Сондай-ақ, «ҚазТрансГаз Аймақ» мәліметі бойынша, бұл аймақта баға басқа өңірлерге қарағанда жоғарырақ. Ең төменгі баға Қазақстанның батыс бөлігі мен Шығыс Қазақстанда байқалады.

Қостанай облысында да баға айтарлықтай қымбаттаған. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысында да газ бағасы өскен.

Бұған дейін шілде айында Қазақстанда газ бағасы өзгеретіні туралы жазылған.