10 наурыздан бастап қазақстандықтар Біріккен Араб Әмірлігінде 30 күнге дейін визасыз сапарлайды. Екі ел Үкіметі келісімге өткен жылдың мамырында қол қойғанымен, күшіне осы айда еніп отыр. Құжат қос мемлекеттің азаматтарына тікелей қатысты. Енді Дубай мен Абу-Дабиге жиі баратын қазақстандықтардың қалтасына түсетін қаржылық салмақ азаятын болды.
«Бұрын электронды түрде виза алу керек болатын. Мысалы, визаның әр түрлері болады. Өзіңіз елшілікке барып тапсыруыңыз керек, өзіңіздің сол жерде болуыңыз міндетті. Ал Араб Әмірлігіне виза алу электронық болатын. Бұл демек құжаттарыңыздың барлығын растайтын, демалуға баратын құжаттарыңызды электронды түрде рәсімдейтінсіз. Және де бұл уақыт жағынан да әртүрлі болатын. Әйел адамдарға және ер адамдарға қарастыру уақыты әр түрлі болатын. Орташа алғанда 3-5 күн болатын. Бірақ негізінде 10 күнге дейін елшілік өзіне қарастыруға мерзім беретін», - деді Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының бөлім басшысы Әлия МЫРЗАХМЕТОВА.