Рахат-Би қарапайым отбасында дүниеге келген. Жанұясында музыканттар жоқ. Оның әкесі – ғалым, танымал теориялық физик, анасы – педагог және заңгер. Ол жас кезінен бастап музыка, математика, физика, кітап оқу, кескіндеме жасауға қызықты, жүзумен айналысты, тілдердің өзара байланысына қызығушылық танытқан.
Шығармашылық жолды бастағаннан бастап, «ең жас» ұғымы Рахат-Бимен бірге келеді. Ол – «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас иегері. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы 17 жасында ТМД парламентаралық Ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытудағы ерен еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған ең жас және жалғыз мәдениет қайраткері. Ол – Бах, Моцарт, Гайднадан бастап, қазіргі классиктерге дейінгі әлемдік классикалық шедеврлерді жинайтын Оңтүстік Иллинойса университетінің (АҚШ) «Discography» оркестрімен фортепианоға арналған туындыларды орындайтын Әлемдік қордың қоржынына туындылары енген Тәуелсіз Қазақстандағы ең жас әрі жалғыз композитор. Ол – заманауи музыкаларды орындаушылар мен композиторлардың халықаралық академиясының ең жас қатысушысы: Impuls (Грац, 2013, 2015, 2017), ISA (Мюрццушлаг, 2015), KlangZeitMünster (Мюнстер, 2016), ең жас лектор ICTM 2015.
Рахат-Би 13 жасында студент атанып, 17 жасында магистрант болды. 18 жасында магистрлік диссертациясын тамаша қорғап, өнертану ғылымының магистрі атанды.
Рахат-Бидің шығармаларын Европа, Азия және Американың симфониялық оркестрлары мен камералы ансамбльдері, атақты солистер орындайды. Оның музыкасы Азия мен барлық Еуропа елдерінің белгілі концерттік залдарында жиі қойылады. Шығармаларының әлемдік премьерасы Прага, Лондон, Вена, Париж, Берлин, Сеул, анкара, Стамбул, Мәскеу, Рогашке-Слатине, Бергамо, Аркейе, Аликанте, алматы және астана қалаларында өтті.
Бүгінде оны «Қазақтың Моцарты» деп атайды. Ол аса ұғымтал, 12 жасында музыка жаза бастады. Ол көптеген беделді халықаралық жарыстардың лауреаты, 100-ден астам музыкалық шығармалардың авторы, соның ішінде кең ауқымды симфониялық және әртүрлі камералық шығармалардың авторы.