ҚазҰТЗУ жатақханаларында санитарлық нормалар сақталмаған

27.04.2018 16:48

Алматыдағы жоғары оқу орындары жатақханаларының жағдайын тексеру жалғасып жатыр. Комиссия мүшелері Қаныш Сәтбаев атындағы университеттің 1600-ден астам тәлімгері тұрып жатқан 5 жатақханасын тексерді.  Тәлімгерлер жуынатын орын мен ас дайындайтын бөлмеде санитарлық тазалық жоқ. Мұндағы тоңазытқыштар да әзер істеп тұр екен. Ішіндегі жағымсыз иіс қолқаны қабады. Ал қираған әжетханасы қобырсып кеткен. Мұны көрген тексерушілер басшылыққа қатаң сын айтты.

«Себізгілер жетіспейді балаларға. Ол бейімделген жағдайда орналасқан. 4-6 студентке 1 себізгіден келу керек еді, 1 раковина, 1 унитаздан келу керек еді. Ол санитарлық қағидатқа сай келмей жатыр. Тағамнан улану мен жедел ішек ауруларының алдын алу шараларының сай келмеуі санитарлық қағидатқа. Өйткені, жаңағы тоңазытқыштарды көріп жатырмыз, жағымсыз иістер шығып тұр», - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Гүлбану МАХАМБЕТОВА.

Бұдан бөлек, бөлмелердің жабдықталуы да көңілден шықпады. Студенттер сабақ оқитын жұмыс үстелі де жоқ болып шықты. Ал киім қоятын шкафтары қирап тұр. Одан бөлек, 3 адамнан артық тұруға болмайтын бөлмеде 4 студент жатады. Десе де, бұл орынға жылына 30 мың теңгесін төлейтін тәлімгерлер жағдайымыз жақсыдан әрі аспады. Айта кетсек, келер айға дейін қаладағы студенттерге тиесілі 93 жатақхана түгелдей тексеріліп шығады. Комиссия мүшелері барлық олқылықты жіпке тізіп, қала әкіміне жолдамақ.