Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бұдан былай тек салалық мамандарды ғана даярламақ. Педагогикалық мамандықтардан кезең-кезеңімен бас тартып жатыр.
Ұлттық университет ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың айтуынша, педагогтар дайындайтын бірнеше жоғары оқу орны бар. Бірақ барлығы Қазақ ұлттық университетіне түсуді армандайды екен. Келер оқу жылынан бастап мұндай мүмкіндік болмайды. Биыл педагогикалық мамандықтарға 160 талапкерден өтінім келіп түскен.
«Педагогикалық мамандықтар бойынша, жаңа айттым, әр аймақтың өз университеттері бар. Екі арнайы пединститут бар. Көптеген жекеменшік институттар бар. Олардың барлығы педагогикалық мамандықтарды дайындайды. Біз оларды алуға қарсы емеспіз, бірақ біздің міндетімізді кім атқарады?», – деді әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр МҰТАНОВ.