Келесі жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы болады

17.01.2018 23:00
Алматыда Қазақстан мен Өзбекстанның бірлік-ынтымағын арттыруға арналған құрылтай өтті. Шараның «Ұлы Жібек жолы» деп басталуы бекер емес. Бауыр елге ортақ құндылықтар мен оларды дамыту жайы сөз болды. Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымағын нығайтуға екі жақта ынталы.
«Биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болса, келесі жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы болады. Екі ел басшыларының бұл шешімі біздің бірігіп бірнеше жоба бастауымызға себеп болды. Қазір ғалымдар мен қоғам қайраткерлері «Ұлы Жібек жолы» жобасына кірісіп кетті. Яғни, біз осы ұлы жолдың бойымен ислам дінінің таралуын зерттемекпіз. Бірлесе отырып, ертеңгі ұрпағымызға қалатындай құнды дүниелер табамыз деп ойлаймын»,-деді «Бабаханов мүфтилер тарихы» мұражайының негізін салушы (Өзбекстан), Әмірсаид ОСМАНХОЖАЕВ.