Алматы әкімдігі қаланың тарихи мәдени ескерткіштері тізіміне енетін ғимараттарын тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тізімге Қазақ технология және бизнес университеті, Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, КИМЭП университеті, «Алматы Арена» және басқалары кіреді.
1. Қазақ технология және бизнес университеті 1938-39 жылдары салынған. Классикалық стильдегі 3 қабатты ғимарат Т.Шевченко мен А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан.
2. Қазақ-британ техникалық университеті 1954 жылы сәулетшілер Ким Досен мен Д.Мельниковтердің жобасымен салынған. Бұрынғы Жоғарғы кеңестің ғимараты Абай даңғылында орналасқан.
3. «Хабар» агенттігінің ғимараты ретінде танылған Аппараттық студия кешені 1938 жылы салынған. Телеорталық Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан.
4. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайының құрылысы 1998 жылы салынған. Ғимарат әл-Фараби даңғылындағы 71/24 мекенжайда орналасқан.
5. Тұңғыш Перзидент паркінің салтанатты қақпасы, ондағы монументтер 2011 жыл салынған. Тарихи-мәдени ескерткіш Мұхамед Хайдар Дулати көшесінде орналасқан.
6. «Алматы Арена» мұз қалашығы 2016 жылы салынған. Жаңа ғимарат Алғабас ықшам ауданында орналасқан. Еске сала кетсек, бұған дейін қаладағы Түрксіб ауруханасы қаланың сәулет ескерткіштері қатарына қосылатынын жазған едік.
Сурет: photogoroda.com