«Халық банкі» «Қазкоммерцбанктің» акцияларын сатып алмақ. Екі банктің арасындағы сауда байланысы жайлы Ұлттық банк мәлім етті. Банкирлер бұл қадамға қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін және банк секторын қалыпқа келтіру мақсатында барып отырғандарын айтады. Меморандумға «Ұлттық банк», «Самұрық-Қазына», «Проблемалық кредиттер қоры» , «Қазкоммерцбанк» пен оның ірі акционерлері де қатысқан. Өзара түсіністік келісім шартына қатысқандар арасында «Халық банкінен» бөлек, «БТА Банкінің» өкілдері де бар.