Осы ретте, кіші Алматы өзеніне 6 жасар қыз батып кеткен. Оқыс оқиға өткен демалыста Бұтақты шатқалы маңында болған. Құтқарушылар қыздың мәйітін өзеннің төменгі жағынан, шамамен 200 метр тұстан анықтапты. Анықталғаны - қаршадай қыздың ата-анасы өзен маңындағы мейрамханалардың бірінде тыныстап жатқан. Сол сәтте марқұм суға қарай беттеп, ізінше ағыс оны ағызып кеткен.