Көк қағаз күннен күнге арзандап келеді

26.01.2017 16:02
Көк қағаз күннен күнге арзандап келеді. АҚШ валютасы осымен бірнеше күн қатарынан позициясын жоғалтқан. Ақша айырбастау орындарында бір доллардың құны бірден 3 теңгеге төмендеп, 327 теңге болды. Ал, Қазақстан қор биржасында ұлттық валюта бағамы екі күнде 327 мен 330 теңге аралығында құбылды. Бір күнде 35 млн АҚШ валютасы саудаланыпты. Баға құбылуын сарапшылар мұнай бағасының өзгеруімен байланыстырады. Бірақ, ұзаққа созылмауы мүмкін.