Көкшетауда "Қазпошта" бөлімшесін тонап кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Көкшетауда "қазпошта" бөлімшесін тонап кетті. Беттерін тұмшалаған екі адам кассирді тапаншамен қорқытып, 1 млн теңгені алып кеткен. Оқиға түстен кейінгі уақытта болыпты. Әзірге бөлімшені тонағандардың кім екені белгісіз. Жергілікті полицейлер оларды іздеуге кіріскен. Абырой болғанда, бұл оқиғадан бөлімше қызметкерлері зардап шеккен жоқ.
¤«Зардап шеккен адамдар жоқ, бізге "Қазпоштаға" келген шығын көлемі 1 миллион сомасында. Қазіргі уақытта қалалық ішкі істер бөліміне және Ақмола облысы бойынша ІІД-де іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деді «ҚАЗПОШТА» АҚ Көкшетау қаласындағы бөлімшенің пошта және қаржы қызметтерін сату бөлімінің бас маманы Айдын ҚАЙДАРОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
22.09.2026 08:00
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Санжар Әділов Азиадада аралас жекпе-жектен қола алды
21.09.2026 09:45