Колумбияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Колумбияда футболшылар мінген ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала мәлімет бойынша, бордта 72 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Боливиядан ұшқан бразилиялық футболшылар Медельин қаласына бет алған деседі. Олар Оңтүстік Америка кубогын сарапқа салу үшін, жергілікті "Атлетико Насьональ" командасымен кездеспек болған. "Франс-Пресс" ақпарат агенттігі таратқан соңғы мәліметке сүйенсек, ұшаққа мінген 6 адам тірі қалыпты. Қазір құтқарушылар апат орнында жұмыс жасап жатыр. Алайда, ауа райының қолайсыздығына байланысты, жараланғандарға көмек көрсету қиынға соғуда. Ал, ұшақтың құлауына - киросиннің аздығы түрткі болыпты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43