Колумбияда толассыз нөсер су тасқынына ұласып, 120 үйді шайып кетті. Ал Колумбияның оңтүстігіндегі Уила департаментінде 50 үй қираған. Аймақтағы бірнеше өзен арнасынан асқанына байланысты өңірде төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апаттан төнген қауіптің үдей түсуіне байланысты 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Абырой болғанда, адам өлімі тіркелген жоқ. Алайда тасқын бірнеше көлік пен көпірлерді қиратып кеткен. Сондай-ақ, бірнеше шақырымдық автомобиль жолдарын құлаған ағаштар жауып қалған.
Ал ауа райын болжаушылар шелектеп құйған жаңбырға ұйытқыған жел себеп болды дейді. Әдетте қаңтар-ақпан айында бұл аймақта ауа райы құрғақ, жауын-шашынсыз болады екен.