Елімізде «Әдеп жөніндегі үздік уәкіл» республикалық байқауы өтеді

Елімізде «Әдеп жөніндегі үздік уәкіл» республикалық байқауы өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде биыл Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Әдеп жөніндегі үздік уәкіл» республикалық байқауы өтеді.

Есте болса аталған агенттік осыдан бірер жыл бұрын Әдеп жөніндегі уәкіл институтын енгізген болатын. Бұл жоба «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12-қадамы аясында жүзеге асты. Мақсат – мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларының сақталуын бақылап, құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Бүгінгі таңда 13 орталық мемлекеттік органда және 16 әкімдік аппаратында дербес Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілген, 744 мемлекеттік органда Әдеп жөніндегі уәкілдердің функцияларын аса мәртебелі және жоғары білікті қызметкерлер орындайды.

Осы орайда, Әдеп жөніндегі уәкілдердің мәртебесін көтеру және мемлекеттік қызметшілер мен халықтың арасында ақпараттылықты жоғарылату мақсатында Агенттікпен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы имидждік бейнеролик дайындалды. 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру және моральдық-әдептік құндылықтарды ілгерілету мақсатында агенттік «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауын өткізеді.

Байқау нәтижесі бойынша «Орталық мемлекеттік органның Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» және «Жергілікті атқару органының Үздік Әдеп жөніндегі уәкілі» жеңімпаздары анықталып, ал жеңімпаздар қызмет ететін мемлекеттік органдар «ашық (әдепті) мемлекеттік орган» мәртебесін иеленетін болады.

Новости партнеров