Алматы қаласын дамыту тұжырымдамасын енді сәулетшілер тобы дайындайды

Алматы қаласын дамыту тұжырымдамасын енді сәулетшілер тобы дайындайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Енді Алматы орталығын дамыту тұжырымдамасын бірнеше сәулетшілер тобы ұсынады. Ол сәулет және қала құрылысы басқармасы жанынан құрылған.

Жас кәсіби мамандар, фрилансерлер, ардагер құрылысшылар бас қосқан әр топ өз жобаларын жасап, ұсыныстарын бүге-шегесіне дейін ойластыратын болады. Бүгін қоғамдық кеңес мүшелері алдында есеп берген қаланың бас сәулетшісі атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ұсыныстарды тыңдады.

«Менің ойымша келесі аптада осы 4 топпен кездесу өткіземіз. Әрқайсысы ескі қаланы дамыту бойынша тұжырымдамаларын дайындайды», – деді Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан УРАНХАЕВ.

Жауаптылардың айтуынша, кез келген ғимараттың сызба жобасын бекіткен кезде, кішігірім сараптама жүргізіледі. Сонымен қатар, нысанның макеті және тиесілі аумақты көріктендіру жұмыстары көрсетілуі шарт. Құрылыс компаниясы қажетті аумақтағы инфрақұрылыммен танысу үшін Алматының үш-Д (3Д) картасын пайдалануға болады. Қазір ол сейсмикалық аймақтарды қосқанда, 160 бөлімді қамтыған.

Азамат Әуезхан, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров