|
18.07.2018 | 19:40
5424

Алматы зообағының келушілері гну антилопасының төлін тамашалай алады

Алматы зообағының келушілері гну антилопасының төлін тамашалай алады

Алматы зообағына келушілер енді гну антилопасының төлін тамашалай алады.

Әдетте, ырымшыл қызметкерлер хайуандардың жас төлдерін жұрт көзінен тасада ұстайды. «Көз тиеді» дейді.  Сахара атты антилопа осымен үшінші рет төлдепті. Алдыңғы бұзаулары ТМД елдеріндегі зообақтарға таратылған. 

Енді Алматы зообағында Самара атты гну антилопасы пайда болды. 28 маусымда жануардың дүниеге келу сәтін қалың көпшілік тамашалаған болатын. Ал оның енесі Сахараның өзі де 2008 жылы Алматы зообағында туған. Самара – оның үшінші төлі. Мұның алдындағы төлдері ТМД аймағындағы зообақтарға таратылған.

«Гну антилопалары Африкада мекендейтіндіктен, Алматыдағы қазіргі ауа-райы олар үшін өте қолайлы болып отыр. Ыстықты жақсы көреді. Сахара мен Риктің төлі Самара туралы айтар болсақ, ол өте пысық. Әзірге әкесін бөлек қамадық. Жақында үйіріне қосамыз», – деді Алматы зообағының қызметкері Барфин АХМАД.  

Түсірілім тобымызбен зообаққа барған біз жол-жөнекей Жамбо мен Лотти атты бегемоттардың да жағдайын біле кеттік. Есте болса, наурыз айында Жамбоға Франциядан қалыңдық жеткізілген еді. Қызғаншақ күйеу бала алғашынды өз аумағын қызғанып, тіпті Лоттиді тістеп алғаны бар еді.

«Біз Жамбо мен Лоттидің орындарын ауыстырдық. Өйткені Жамбо қызғаншақтау хайуан. Алғашында Лоттиді жақтырмағанымен, қазір қарым-қатынастары жақсы секілді. Қызығушылық танытуда. Екеуі бөлек қоршауда тұрып жатыр. Барлығы жақсы болса, Алматы зообағының тағы бір бегемотпен толығатынына сенімдіміз», – деді Алматы зообағының қызметкері Барфин АХМАД.

Алматы зообағының қызметкерлері түз жануарлары өздерін барынша еркін сезінсін деген ниетпен, оларға жақындай бермейтіндіктерін айтады. Мүмкін, содан ба екен, биыл зообақта төл көп.

Азамат Әуезхан, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир