Қостанай облысында бала туу көрсеткіші төмендеп тұр

Қостанай облысында бала туу көрсеткіші төмендеп тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қостанай облысында бала туу көрсеткіші төмендеп тұр. Соңғы 5 жылдың көрсеткіші бойынша еліміздегі демографиялық өсім ең төмен өңір- осы. Облыстық әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу орталығының мәліметі бойынша, сәби үнінің сейілуіне ажырасудың артуы да түрткі.  

Отбасын құрған жастар арасында балалы болудан бұрын, ажыраспай, жанұяны аман сақтап қалу арманға айналған. Өткен жылдың қортындысы бойынша, Меңдіқара ауданында тұрмысқа төтеп беріп, тіл табыса алмаған әрбір екінші неке бұзылған. Сәйкесінше, соңғы жылдары облыстағы туу индексі күрт кеміген.

«Егер нақты айтсақ, 2015 жылы 12 мың 729, 2016  жылы бізде 12 мың 221, ал былтығы жылы 11 мың 707 бала туылды. 15 пен 16-шы жылдың айырмашылығы  508 бала. Ал соңғы екі жылда  514 балаға азайған», - деді Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Екатерина СЛОБОДЕНЮК.

Әлеуметтік төлемдер орталығының басшылары  «Аналар мемлекет тарапынан материалдық көмек алып тұрады. Сәби 1 жасқа толғанша ай сайын 13853 теңге төленсе, 91 390 теңге бір жолғы көмек ретінде беріледі. Егер отбасында төртінші бала өмірге келсе, онда мемлекет 150 мың теңге төлейді», - дейді.

«Ата-аналар сәбидің күтіміне байланысты да жәрдемақы ала алады. Бұл бір жасқа толғанға дейін төленеді. Жұмыс істемей, үйде отырған анаға берілетін қаржы республикалық бюджетен беріледі», - деді  Қостанай  облыстық Әлеуметтік төлемдер жөніндегі ведомствоаралық есеп айырысу департаменті басшысының орынбасары  Ақбота  АЛДАБЕРГЕНОВА.

Сандарды тізген маманның мәліметінше, үш жылда туу көрсеткіш мың балаға дейін кеміген. Қолда бар деректерге сәйкес, қазір облыс бойынша 5000 аяғы ауыр әйел бар. Бірақ мұның өзі өткен уақыттармен салыстырғанда әлде қайда төмен.

«Балалы болуға көптеген жағдай әсер етеді. Қазіргі күнде әрнине барлығы қаржыға тіреледі, сондықтан сәби сүюді кейінге қалдыра береді», - деді  Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Екатерина СЛОБОДЕНЮК.

Ажырасу тек Меңдіқара ғана емес, Алтынсарин, Федоров, Қостанай аудандары секілді барлық өңірде кең тараған. Облыста 877 мың адам тұрса, оның 471 мыңы қалада, 406 мыңнан астамы ауылдық жерде тұрады. Туу төмендеп, өлім өсіп кеткен соң халық саны былтыр бірден 6,7 пайызға азайған.



Новости партнеров