Қостанай облысының 93 жастағы тұрғыны зейнеткерді өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Аlau.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, бұл оқиға Қостанайдағы Затобол ауылында болған. Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері бұл мәліметті растады.
21 тамызда шамамен сағат 17.30-да Затобол ауылында денесінде зорлық белгілері бар 80 жастағы ер адамның денесі табылды.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 93 жастағы күдікті анықталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.