Қостанайда анасы мен баласын автобус қағып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанайда маршрут автобусы 5 жасар баласы бар әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл фактіні облыстық ІІД мен балалар ауруханасы растады.
Анықталғандай, оқиға 10 қыркүйек күні Қобыланды батыр даңғылында болған. Маршрут автобустарының бірі әйел мен оның баласын қағып кетті. Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бүлдіршін мен әйел сол күні медициналық мекемеге келіп түскен.
«Баланы бірден жансақтау бөліміне жатқыздық. Қазір оны травматологияға ауыстырды. Баланың басы соғылып, бас сүйек миы зақымдалған. Қазір оның жағдайы тұрақты. Ол ауруханада анасымен бірге жатыр», - деп түсіндірді дәрігерлер.
Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Қазақстанда ет өнімдерінің құрамын анықтайтын ПТР-тест әзірленді
07.10.2026 12:52
Қазақстанда балаға берілетін әлеуметтік төлемдер өзгеруі мүмкін бе
07.10.2026 09:54