Қостанайда баласын тастап кеткен әйел Астанада ұсталды

29.06.2018 20:57


Sputnik. Қостанай қаласы ІІБ қызметкерлері елордалық әріптестерімен бірге 17 маусым күні баласын автовокзалға тастап кеткен 22 жастағы әйелді Астанада ұстады, деп хабарлады Костанаиские новости қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, 17 маусым күні полицияға Қостанай тұрғыны хабарласып, облыс орталығының автовокзалынан бір жарым жастағы бала табылғанын айтқан. Бала медициналық тексерістен өтуі үшін облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізіліп, кейінірек "Дельфин" балалар үйіне орналастырылды.    

Баланың анасын табу мақсатында полицияда жедел топ құрылып, 10 күн бойы іздеу жүргізілді. Іздеу шаралары барысында әйел Астана қаласында екені анықталды. Күдіктіге қатысты "Қауіп-қатерде қалдыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.