ҚР Энергетика вице-министрі: Астана түбегейлі көмірден бас тартпайды

17.03.2018 01:30

Астананың жылыту электр стансалары газ келген күннің өзінде, көмірден мүлде бас тартпайды. Бұл туралы бүгін Үкімет қабырғасында өткен баспасөз отырысында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.Сөзіне сенсек, табиғи газ көбіне суды жылыту үшін қолданылады. Ал қаланы электр қуатымен қамту көмір арқылы іске асады, дейді. Астанадағы екі стансаға көгілдір отын жүргізілсе, ол өз кезегінде жылдық шығынды азайтып,  651 мың тоннаға жуық көмірді үнемдеуге септеседі. Сонымен қатар, газдың жүргізу ерікті түрде іске аспақ. Себебі, көгілдір отынның құны көмірге қарағанда айтарлықтай жоғары болмақ.

«Астана түбегейлі көмірден бас тартпайды. Біз жылыту электр стансалары мен жеке тұрғын үйлерді бөлу қажет. Әрі елді-мекендерді газға қинап қоспаймыз. Себебі, көгілдір отынның бағасы көмірге қарағанда жоғары болады. Тариф бойынша табиғи газдың  текше метрі 47-50 теңгені құрайды», - деді ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВ.