30 млн теңгенің дизель отынын ұрлағандар ұсталды

24.08.2018 16:54

Созақ аудандық ІІБ кезекші бөліміне фирма өкілдерінің бірі арызданды, онда жұмысшылар жанғыш заттар ұрлығымен айналысады деп көрсетілген.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты Түркістан облысы ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында, Созақ аудандық ІІБ полицейлері күдікті ретінде Созақ ауданы мен Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ұсталғандар жанғыш заттар қоймасында жұмыс істеп, дизель отыны ұрлығымен айналысқаны анықталды. Олар ұрланған мүлікті сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 30 миллион теңгені құраған.

Қазіргі таңда бөтеннің мүлкін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.