Елордада қызыл кітапқа енген құсты саудалап келген браконьерлер ұсталды

31.08.2017 10:15

Елордада қызыл кітапқа енген құсты саудалап келген браконьерлер ұсталды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 35 жастағы азамат қызыл кітапқа енген сұңқардың біреуін 1 жарым миллион теңгеге бағалапты. Қазіргі таңда құстар «Охотзоопром» өңірлік бөлімшесіне берілді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 339 бабы бойынша қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды болмаса, 3 жыл өмірлерін темір торда өткізеді.

«Полиция қызметкерлерімен жергілікті тұрғын, қызыл кітапқа енген сирек кездесетін құс тәркіленген. Ағымдағы жылдың 28 тамызында Алматы АІІБ-ның криминалды полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында 35 жасар жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу амалдары кезінде үйінен 2 сирек кездесетін құстардың балапандарын алған», - деді ІІД ресми өкілі София ҚЫЛЫШБЕКОВА.