Алматы облысында қымбат алкогольдік ішімдікті қолдан әзірлеген азамат ұсталды

22.09.2017 02:04

Алматы облысында қымбат алкогольдік ішімдікті өз үйінде қолдан әзірлеген тағы бір азамат ұсталды. Ол дайын өнімді алматыдағы көңіл көтеру орындарына әкеліп, арзан бағада саудалаған. Тексеріс кезінде жасырын қоймадан бірнеше қорап элиталық ішімдік тәркіленді. Сондай-ақ, арнайы станок пен қосалқы бөлшектер де табылған. Күдікті бұл құралдарды қытайдан әкелгенін айтқан. Жалған жолмен пайдаға белшесінен батып отырған азамат, арзан алкогольді қымбат бөтелкелерге құйып келгенін толық мойындапты. Қазір аталмыш дерекке байланысты тергеу жүргізілуде. Ал, салықшылар ішімдік алған кезде міндетті түрде сауда чегін талап етуді ескертеді.

¤«Бос шөлмекке үш арзан алкогольдік өнімдерді құйып, крышкасын жапсырып, станокпен крышкасын байлап, бақылау маркасын ілетін болатын. Оларды Алматыдағы түнгі клубтар мен барларға сататын төмен бағамен. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, аяқталған соң материалдар сотқа жіберілетін болады», - деді МКД түсіндіру басқармасының басшысы Заңғар Шындали.