Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алдын ала тыңдауы өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада бұрыңғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен өзге 22 күдіктінің ісіне қатысты сотта алғашқы тыңдау өтті. Бір топ адаммен алдын ала келісіп, ірі көлемде бірнеше мәрте пара алды деген айыппен қамауға алынған экс-министр мен қоса, басқалар да алғаш рет камера алдына шықты. Жауап берушілердің басым бөлігі Бишімбаевпен «Бәйтерек Development» акционерлік қоғамында қызметтес болғандар. Толығырақ тікелей қосылымға шыққан әріптесіміз - Нұржан Сәдірбай айтады.

-Қайырлы кеш, Нұржан! Экс-министр Қуандық Бишімбаевтан басқа, сот алдында жауап бергендер кімдер? Олар айыппен келісті ме?

-Қайырлы кеш, Нұрсұлтан! Елорданың мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сот залында өткен алғашқы тыңдауда Қуандық Бишімбаевтан басқа, 22 күдікті жауап берді. Айыпталушылар тізіміндегілердің көбісі министрмен бұрында қызметтес болғандар, араларында өзге өңірлердің азаматтары да бар.  Бізге белгілісі, қазіргі кезде олардың 20-ы өз кінәсін мойындап отыр. Ал бас күдікті экс-министр Бишімбаев мырза өзіне жабылған айыппен келіспейді. Оның қорғаушысы болса, қылмыстық іс үлкен заңсыз жиналған, дейді

«Біз сот кезінде айтқанымыздай, қылмыстық іс заңсыз әрі орынсыз қозғалған, тергеу жұмыстары қате жүргізілген. Біз осыны дәлелдейтін қағаздарды жеткіздік, тапсырдық. Негізі, құжатта еліміздің Мемлекеттік қызмет істерінің мөртабаны қоюлуы керек. Ал қағаздарда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мөртабасы тұр. Осыны олқылық деп түсінеміз», - деді Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Сейіт РАХМАНОВ.

-Сотқа келушілердің көп болғаны анық. Олардың арасында ағайын-туыстары, әріптестері көрінді ме? Олардың ойы қандай?

-Сотқа қатысушылар көп болғандықтан тыңдау үлкен залда өтті. Айыпталушыларды қолдау үшін туыстары мен жақындары, әріптестері келді. Биылғы жылдың қаңтарында қамауға алынған экс-министрдің әкесі Уәлихан Бишімбаев тергеу амалдарының дұрыс өтбегендігіне қарамастан, сот бәрін әділ шешетіндігіне сенімді екендігін айтты.

«Бағана адвокаттардың өтінштерін естідіңіздер. Көп-көп заңды бұзған жағдай бар. Әсіресе, мына тергеу кезінде. Оған сот баға береді. Сот шешімі бар. Әділ құқық бар. Әр адамның құқығы бар. Мен өзім солай ойлаймын», - деді Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан БИШІМБАЕВ.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 10 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Бюроның мәліметінше, Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында шыны табақ шығаратын және өңдейтін зауыт салу кезінде 1 миллиард теңгеден астам көлемінде жымқыру қылмыстық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Ал 12 қаңтар күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 соты Қуандық Бишімбаевқа қатысты оны «қамауға алу» туралы санкция берген болатын.


Новости партнеров