|
24.01.2017 | 10:27
1372

«Кукминбанк» корейлік қаржы институты өз үлесін қазақстандық «Банк Центр кредитке» сататын болды

«Кукминбанк» корейлік қаржы институты өз үлесін қазақстандық «Банк Центр кредитке» сататын болды

Танымал «Кукминбанк» корейлік қаржы институты өз үлесін қазақстандық «Банк Центр кредитке» сататын болды. 42 пайызға жуық акция пакетін еліміз 2008-ші жылы-ақ 266 миллиард теңгеге иемденген екен. Корейлік тарап бұл келісімнің Орталық Азия мемлекеттерінің табысты дамуына септігін тигізетінін баса айтқан болатын. Әйтсе де, әлемдегі дағдарыс пен теңгенің құнсыздануы жағдайды өзгертіп жіберді. Сарапшылардың пікірінше, шетелдік инвесторлар қазір қазақстандық банктердің даму мүмкіндігін байқап отырған жоқ.

«Әрине пайда тауып, жергілікті табысты бизнес құруға болады. Ал шетелдік инвесторлардың пікірі басқа. Оларға жергілікті бизнес қызық емес. Оларды маңызды, кең табыс көзі қызықтырады. Шетел банктерінің ішіндегі ең ұзақ мерзімдік қаржы құйғандар қатарында корей елінің банктері бар. Бұған дейін де «Эйч-эс-биси», «Эйбиэн» ұзақ мерзімді инвестиция салған болатын», деді Сарапшы, Айдархан ҚҰСАЙЫНОВ. 

«БанкЦентркредиттің» баспасөз қызметіндегілер, бұл шешімге сатылымды талқылап болған соң түсінік береміз деді. Одан бөлек, қаржы институттары «Казком» банк пен «Халық банкінің» бірігуі мүмкін деген ақпаратқа түсінік беруден бас тартты. Ал «Халық банкінің» баспасөз қызметінде қос банктің бірігуі қарастырылған жоқ, біздің тараптан ондай бастама болған жоқ деп мәлімдеді. Ал сарапшылар, мұндай бірігу «Казком» банкі үшін тиімді болар еді деп мәлімдеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир