Құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу жеңілдеді

06.03.2018 06:42

Құрылыс саласында мемлекеттік сатып алу едәуір жеңілдеді. Енді тендерге қатысушы компанияларға құшақ-құшақ құжатты дайындаудың қажеті жоқ. Ең бастысы қолдарында тиісті лицензиясы болуы тиіс. Онда қажетті материалдық және еңбек ресурстары барлығы көрсетіледі. Оған қоса, еңбек өтілінің төменгі шектік көрсеткіші төмендетілген.

«Ұсынылған өзгерістер құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жеңілдету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін қажет. Сондай-ақ өтінімдердің кері қайтарылуын азайтуға септеседі», - деді Алматы қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ержан МЫҢЖАСАРОВ.