Күзет мекемесінің бастығы өзін өзі жарып жіберді

08.06.2018 20:01

Rikatv. Ақтөбелік өз-өзіне қол жұмсады. Ол өзін өзі жарып жіберген. Оқиға кеше күндіз болған. Ауруханаға жеткізілген ер адамға үш бригада қатар ота жасаған. 48 жастағы ақтөбелік "ОПС секьюрити" күзет мекемесінің басшысы. Қайғылы оқиға кеше күндіз болған. Ақтөбелік өзін-өзі жарып жіберген. Облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына күндізгі сағат 12-ден 20 минут кеткенде 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойында орналасқан жеке компаниялардың бірінің аумағында жарақат алған адам туралы хабарлама түскен. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғыны өзіне өзі қол жұмсамақ болған. Ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Дәрігерлердің сөзінше, алған жарақаты көп. Оның өмірін құтқаруға үш бригада жұмылдырылған. Өкінішке орай, науқас кешкі 20 сағат 40 минутта қайтыс болды. Марқұм "ОПС секьюрити" күзет мекемесінің басшысы. Мекемеге кіру мүмкін болмады. Ғимарат сыртындағы күзетшілердің сөзінше, "ОПС секьюрити" күзет кәсіпорыны ғимараттың бір бөлігін жалға алып отыр. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 105-ші бабының «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары басталған. Бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды.