|
11.01.2018 | 17:09
1822

Қытайда 34 жұп некелерін мұз қалашықта қиды

Қытайда 34 жұп некелерін мұз қалашықта қиды
Қытайдың солтүстік-шығысында орналасқан Харбинде бір мезетте 34 жұп некелерін мұз қалашықта қиды. Осы күндері онда мұздан жасалған халықаралық мүсіндер жарысы өтіп жатыр. Ал, көк мұздан қаланған жасанды әрі әдемі неке қию жергілікті жастар арасында игі дәстүрге айналған. Өйткені, қыста құрған отбасының іргесі берік болады дегенге сенеді. 
«Мен бала күнімнен тойымызды дәл осылай өткізуді армандадым. Той суреттеріміз қалың қардың фонында түсірілгенін қаладым. Менің бала күнгі арманымды жүзеге асыру үшін жұбайым дәл осылай көппен бірге тойды қар мен мұз арасында жасауға алдын-ала жазылды»,-деді отбасын құрушы. 
Мұз бен қар мүсіндер фестивалі Харбинде осымен 34-ші рет өтті. Алғаш рет, ол 1963-ші жылы ұйымдастырылыпты. Қатысушылар мұзды Сунгари өзенінен алады. Мерекеге үлгеру үшін көптеген қолөнершілер туындаларын күні-түні тынбай ояды. Ертегі әлемі іспеттес мұзды қалашық 80 гектар жерді алып жатыр. Қазір оны тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылуда. Харбиндегі фестиваль қар ерігенше жалғасады. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир