«Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасы бүкіл әлем халқын ауыр қайғыға душар етті. Талантты спортшы, аяулы ұл, намысты отандасымыздың қазасына байланысты ел спортшылары өздері қатысып жатқан турнирлерге аза тұту белгісін тағып шықпақ. Қытайдың Уси қаласындағы семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық нояндар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты», – делінген ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.
Сондай-ақ атап өткендей, еліміздегі барлық спорттық федерациялар өткізетін ресми әрі ресми емес турнирлер бір минуттық үнсіздікпен басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Денис Тенді көлік тонаушылар пышақтап кеткен. Қайғылы жағдай 19.07.2018 жылы, сағат 15:00 кезінде Құрманғазы мен Байсейітова көшесі қиылысында орын алды.