Лаңкестікке қарсы күресу үшін қомақты қаражат талап етіледі

18.03.2017 в 16:26

Лаңкестікке қарсы күресу үшін қомақты қаражат талап етіледі. Мұндай мәлімдемені БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерреш жасады. Бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Біріккен Ұлттар Ұйымын қаржыландыруды екі есеге қысқартып, соның есесінен келер жылы әскери бюджетті 54 миллиард долларға ұлғайтуды жоспарлағандарын хабарлаған еді.


«Лаңкестікті тудыруға негіз болатын факторларды инвестициялау жолымен  жою қажеттілігі туындап отыр. Ол жанжалды реттеу, экстремизммен күрес жүргізу, қақтығыстарды болдыртпау, бітімге шақыру, бейбітшілікті нығайту, адам құқығын құрметтеу сынды жайттар», - деді  БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан ДЮЖАРРИК.