Латын әліпбиі жайлы зиялы қауым өкілдерінің пікірі

01.11.2017 23:14

Көпшілік арасында қызу талқыланып жатқан тақырыпқа еліміздің зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері де пікір қосты. Олардың айтуынша, жадына жаңартатын жаңа әліпбиге қолдау көрсету қажет.

«Қиналудың ешқандай керегі жоқ. Тіпті кішкентай бала да бір-екі сөз оқып үйреніп алады ғой әліпбиді. Біз соның тең жартысынан көбін тіршілікте былай да білеміз. Жол-жөнекей оның әлі бірең-сараң өзгерістері де қосымша болуы мүмкін. Латын әліпбиіне негізі түбінде көшуіміз керек», - деді Қазақстанның халық әртісі Нұрғали НҮСІПЖАНОВ.

«Қол қойғаннан кейін бәріміздің қуанышымызда шек жоқ. Бірақ бұл енді жұмыстың енді басталуы. Өзбек ағайындар, әзірбайжандар, түркмендер олар ертерек жасады, бірақ көптеген қиындықтарға кездесті. Енді қазір біздер соның бәрін есептей отырып, тез игеріп кетеміз ғой деген үмітіміз бар», - деді КСРО халық әртісі Сәбит ОРАЗБАЕВ.

«Үйреніп кететін шығармыз. Біздің келешегіміз сол қаріппенен, өзіміздің кәдімгі ата әріп сияқтылатын, әріпін пайдаланып біздің заманымыздың өсуіне үлес қосады деп ойлаймын. Әрине, көшкеніміз дұрыс», - деді  Қазақстанның халық әртісі Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ.