¤Латын әліпбиін түзудің жолдарын мамандар шешу керек. Бұл филолог ғалымдардың пікірі. Бүгінде тіл білімі институтына латын қарпіне көшудің 100-ден аса нұсқасы келіп түскен. Соның тек екі-үшеуі ғана қоғамда талқыға салынды. Қазір латын қарпіне көшудің ғаламтор нұсқасы мен лингвистикалық, тіл танымдық нұсқасы қаралып жатыр. Оның ұтымды тұстары мен кешіліктері жайында республикалық жиын барысында айтылды. Тіл білімінің мамандары Парламентке латын әліпбиінің ұтымсыздау нұсқасы түскен сияқты деген пікір айтуда.
«Латын әліпбиі мамандарының кәсіби пікірлері бірінші орынға шығу керек. Ұлттық әліпби түзуде біріңғай стандарт қандай, оның ұстанымдары, мазмұны, құрылымы, принциптері,талабы не, мақсаты, міндеттерді қандай екендігін шешеді. Тек осы сауалдарға жауап алғанда, таңдау жасар едік», - деді филология ғылымдарының докторы Фаузия ОРАЗБАЕВА.
¤Бұл ретте қазақстандықтар жаңа әліпбиді құрастырушыларға бірқатар ескертулер жолдаған көрінеді. Олар кей дыбыстарды алмастыруды ұсынып отыр. Олардың бұл ұсыныстары толықтай ескерілмек. Тіл білімінің мамандары осы күнге дейін жаңа әліпбидің 20- дан астам нұсқасын алған.