Латын әліпбиіне ауысу 2025 жылға дейін жүзеге асады

03.11.2017 22:34

Латын әліпбиіне ауысу 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асады. Әліпбиді талқылаған мамандар  шетел тәжірибесін де сөз қылды. Мәселен, Әзірбайжан 10 жылдың ішінде толық латынға көшкен екен.

«Өзгертеміз десек, оны өзгерту оңай. Мысалы, біз қазір диакритикалық әріптерді қойсақ, анаған ұнамайды, неге ана жақта нүкте? Неге сызық емес деген тағы да басталады. Менімше, қазір мынау жарлық шыққаны бұл тарихи шешім». – деді «ҚАЗАҚПАРАТ» халықаралық агенттігінің бас директоры Асқар ОМАРОВ.