Латын әліпбиінің екінші нұсқасы қызу талқылануда

12.10.2017 20:50

¤Латын әліпбиінің екінші нұсқасы қызу талқылануда. Бүгін Алматыдағы Орталық Азия Университетінің бір топ ұстаздары мен студенттері жаңа қаріптің қолданылуына  қатысты өз ойларын ортаға салды. «Енді осы нұсқа нақты бекітілетін болса, онда әуелі ұстаздар қауымына жаңа әліпбиді тәптіштеп түсіндіру керек», - дейді олар. Сондықтан, сауатты ұрпақты қалыптастыру үшін алдын ала арнайы курстар ашқан жөн деп отыр.