Қарағандыда сыңарын жоғалтқан аққу қимылсыз жатып қалған

Қарағандыда сыңарын жоғалтқан аққу қимылсыз жатып қалған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда инспекторлар жаралы аққуды құтқарып қалды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет өз Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қарағанды облыстық орман және аңшылық шарушалығы комитетінің облыстық аймақтық инспекциясына Абай қаласы тұрғынан қоңырау шалып, қала шетінде екі аққуды көргенін айтқан. Олардың бірі өлі жатса, екіншісі мүлде қимылдамай тұрыпты.

Инспекция мамандары Қарағанды мал дәрігерлік қызметінің қызметкерлерімен бірге дереу оқиға орнына барып, аққулардың шипун түріне жататынын анықтаған. Бұл аққулар қазір сирек кездесетін әрі жоғалып бара жатқан құстардың қатарында екен.

Құстың бірі жоғары вольтті сымның әсерінен тұмсығынан жараланып өлген екен. Ал сыңарын тастамаған екінші аққу Қарағанды зоопаркіне жеткізілді.

Аққуды қарап шыққан зообақ мамандары оның серігінің жанында ұзақ тұрып қалғандықтан әлсіреп кеткенін, мұндай қасиет тек шипун түріне жататын аққуларға тән екенін айтады.


Новости партнеров