«Алматы» арнасы көктемгі тұсаукесерлер шеруін жалғастырады. Жаңа маусымда тағы бірқатар тың жобалар әзірленіп, соның бірі 9 сәуірден бастап көрерменге жол тартады. «Лайф студия» атты ойын-сауықтық бағдарлама әсіресе, қыз-келіншектерге арналады. Жобаның ерекшелігі сол, 3 сағат тікелей эфирде және тек қазақ тілінде көрсетілетін бағдарламаға кез келген азамат хабарласып, ойындағы пікірін айта алады. Оған қоса, пайдалы кеңестер мен сарапшылардың пікірін және өзге де қызықты ақпараттарды тыңдауға мүмкіндік бар.
«Лайф студия» атты ойын-сауықтық бағдарламаның студиядағы соңғы жұмыстары жасалып жатыр. Ал 9 сәуірден бастап «Алматы» арнасында таңғы сағат 10.00-ден түскі сағат 13.00 аралығында 3 сағат бойы тікелей эфирде көрсетілетін болады. Жоба авторлары бұл көңіл көтеретін, жеңіл әрі пайдалы бағдарлама болады деп сендіреді. Бастысы, қазақ тілінде шығатын «Лайф студия» дүйсенбіден жұма аралығында көрсетіледі.
«Жоба авторларының көздегені - бір жағынан көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлау, әлбетте әлеуметтік бір кейбір мәселелер қозғалады. Бірақ енді ол ток-шоу, қызу пікірге ұласып кетпейді. Бұл жерде танымдық мақсатта айтылатын әңгімелер көп. «Алматы» арнасы бұл жерде бір өзінің жолын салып, тың бастамаға барайын деп отыр. Тың бастаманы қолға алайын деп отыр», - деді «АЛМАТЫ» еелеарнасы Меншікті өндіріс департаментінің директоры Дана БАҚТЫҒАЛИЕВА.
«Бұл әйелдер арасындағы барлық тақырыптарды қамти отырып, оларды ауырлатпай, жеңіл түрде беру, жеңіл түрде осы тақырыптарды қозғау және бұл проблеманы шешудің жолдарын ұсыну. Өйткені, бізде қонақтар тек қана жұлдызды қонақ ғана болмайды. Біз ішінде қарапайым қонақтарды да шақырамыз. Осы проблема басында бар қонақтар немесе осы оқиға басынан өткен қонақтар», - деді «Life студия» жобасының шығарушы редакторы Эльмира ЖҮНІСОВА.
Айтпақшы, бағдарлама тек қана әйелдерге ғана емес, ерлерге арналады, дейді жобаның шығарушы редакторлары. Сондықтан көрермендерді қызықты ақпараттардан құр қалмай, бағдарламаны үзбей көруге шақырады. Оның үстіне, тікелей эфирде көрерменге жол тартатын жобаға кез келген көрермен хабарласа алады. Көкейдегі сұрағын қойып, тіпті келесі күннің басты тақырыбын ұсынса да болады.
«Енді әйелдер бағдарламасы болғанмен де біздің бағдарлама тек қана әйелдерге ғана емес, жігіттер де ер азаматтар да көре алады. Өйткені, әйелдерге қатысты нәрсе еркектерге де, ер азаматтарға да қатысты. Ол өмірідің заңы. Біз бағдарламаны дайындау барысында ең бастысы - сценарийге назар аударамыз. Өйткені, сцеранийді жазған кезде әр нәрсе тақырыпты ашу үшін оны жан-жақты қамту керек», - деді «Life студия» жобасының шығарушы редакторы Аяжан ӘЛКЕНОВА.
Ал жобаға импровицияны жаны сүйетін, тығырақтан шығудың оңай жолын білетін жүргізушілер таңдалып алынған. Жобада көптің көзайымына айналған 4 жүргізуші жұмыс істейді. Олар 2-ден әр апта сайын ауысып тұрады.
«Иә, табиғи шығады да егер де импровизация жасасаң ол табиғи болады. Ал егерде қатып қалған сценарий болса болмайды. Иә, сол бүкіл эмоцияңды көтере алмайсың, көрсете алмайсың. 3 сағат отыруға болмайды. Ол зиян. Дегенменде студияның ішінде арасында әңгімеңді жалғастырып, мен өзім эмоционалды адаммын ғой. Мен тұрып сөйлей аламын. Мен қолыммен, аяғыммен, тіпті көрсетіп, айтқан сөзімді барлығын жестикуляциямен көрсетіп жасай аламын», - деді «Life студия» жобасының жүргізушісі Аяна ҒАБДУЛЛИНА.
Ардақты ағайын, тыңнан түрен салған жобаны көруге сіздерді де шақырамыз.
Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы