Лондонда классикалық автокөліктердің халықаралық көрмесі өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Лондонда классикалық автокөліктердің халықаралық көрмесі өтті. Келушілердің назарына өткен жүз жылдықтың бағалы туындылары ұсынылды. Шараны ұйымдастырушылардың пікірінше, қазіргі экономикалық тұрақсыздық кезінде классикалық автокөліктерге инвестиция салу өте тиімді. Айта кетейік London Classic Car Show көрмесі жыл сайын өткізіліп келеді.

Испано-Сюиза жарыс автомобилін 20-шы жылдары танымал француздық аперативті жасаушы Жозеф Дюпонның баласына арнап жасаған. Ал мынау салмағы 600 келіден асатын, 1963 жылы жасалған Лотус Илан. Көліктің басқарылушылығы мықты әрі жеңіл. Ал, мына павильонда Ферраридің топтамасы жинақталған. Көрме қонақтары түрлі үлгідегі 21 көлікті тамашалауға мүмкіндік алды. Олардың жиынтық құны 140 миллион евроны құрап отыр. 

«Таңдау қиынға соқты, өйткені көрмеге әр дәуірдің үздік үлгісін қою керек болды. Іріктеп алмаған болсақ, мұнда 200 автокөлік тұрар еді»,- деді Көрмеге қатысушы, Джо МАКАРИ. 

Мұнда сондай-ақ, Mercedes-Benz компаниясының классикалық үлгілері қойылған. Одан бөлек, көрмеде Alvis британдық өндірушілердің автокөліктері де бар. 30-шы жылдары бұл компания Rolls-Royce пен Bentley-ге жетекшілік етіп, аса танымал болған. Олар, 1919-1967 жылдар аралығында машина жасаумен айналысқан. 

«Бізде бұрынғы суреттердің бәрі сақталған, өзіммен бірге шасси сызбасын ала келдім. Осыған қарап, жаңа шасси және қозғалтқыштың жаңа тетіктерін жасап шығардық»,- деді Көрмеге қатысушы, Ричард ДЖОЙС. 

Classic Car Show көрмесі британдықтардың Еуроодақтан шығуға дауыс бергенінен кейін бірінші рет өткізіліп отыр. Әйтсе де, классикалық автокөліктердің барлығы бірдей сенімді бола бермейді. Мысалға, Формула -1 жарысына қатысқан Toleman TG183 спорт көлігі айналымды жүріп өте алмай, тоқтап қалған болатын. Сөйтіп көлікті қолдан жөндеуге тура келген.

 Сая Меңдеке, «Алматы» телеарнасы

 

 

 

Новости партнеров