Алматыда қазақ тілі пәнінің ең үздік мұғалімі анықталды

Алматыда қазақ тілі пәнінің ең үздік мұғалімі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда қазақ тілі және әдебиеті пәнінің ең үздік мұғалімі анықталды. Үш күнге созылған «Рухани жаңғырудың тірегі - тіл» атты байқау биыл алғаш рет ұйымдастырылған. Дода шартына сәйкес ұстаздар оқу сауаттылығы, эссе жазу және өзін-өзі таныстыру кезеңдері бойынша сынға түскен. Жалпы байқауға қаладағы 132 мектептен кіл мықты деген 200-дей оқытушы қатысып, арасынан 24 мұғалім іріктеліп алыныпты. Жарыс нәтижесінде №159 гимназияның мұғалімі Ержан Арын бас жүлдені қанжығасына байлады. Байқаудың жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуықтайды.

«Байқауда эссе жазу турында әркімнің ерекшелігі байқалады деп ойлаймын. Онда сөз саптауы, сөз таңдауы, сөз қолданысы ұстаздың шығармашылық жұмысы, өз ойын еркін жеткізе білуі деген сияқты қасиеттер бағаланды ғой деп есептеймін», - деді бас жүлде иегері Ержан АРЫН.

«Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - қазақ тілі мен әдебиетінің мамандарын жаңадан кәсіби маман ретінде өздерінің шеберлігімен таныстыру. Іс-тәжірибесі өте көп, 27-30 жылға дейінгі аралықта ғана емес, сонымен қатар, 4-5 жыл еңбек өтілімен келген мұғалімдеріміз де бар», - деді байқау комиссиясының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Майра ЖҮНІСОВА.


Новости партнеров