Әлем жазушылары Алматыда бас қоспақ. 10-12 қыркүйек аралығында «Құбылмалы әлемдегі заманауи әдебиеттің орны» атты дүниежүзілік форум өтеді. Аталған шараға 16 мемлекеттің классик жазушылары келмек. Форумның басты мақсаты – әлем әдебиетімен етене танысу дейді ұйымдастырушылар.
«Құбылмалы әлемдегі заманауи әдебиеттің орны» деп отырмыз. Бұл нағыз көкейкесті, өзекті тақырып. Неге десеңіздер, біздің жазушыларымыз мына тұрған Қырғызстан, Өзбекстан түгілі, қазіргі орыс әдебиетінің өкілдерін жетік біле бермейді. Себебі, жазушылар арасында қарым-қатынас жоқ. Сол қарым-қатынасты орнату үшін дүниежүзінде қандай үрдістер орын алуда, қандай дәстүрлер сақталып келеді, қандай идеялар бар, соның бәрін біз осы осы форумда айтып, талқылап тұрсақ, бір-бірімізбен жете тани түсер едік», – дейді Халықаралық қазақ ПЕН-клубының басшысы Бигелді ҒАБДУЛЛИН.