Мәжіліс депутаттары нашақорлар еміне метадонды қолдануға қарсы шықты

27.09.2017 23:56

Метадоннан құтылу қажет. Мәжіліс депутаттары нашақорларды есірткінің балама түрімен емдеу тәсіліне түбегейлі қарсылық танытты. Тіпті, олар ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа бұл жобаны доғару керектігін айтып, қызылкеңірдек болды. Елімізде метадонды қолдануға 2008 жылы рұқсат берілген еді. Есірткіге тәуелді адамдарды осы дәрі арқылы жазбақ болған. Алайда, оның ешбір нәтижесі болмапты. Еуропада бұл препаратты қолдануға осыдан 28 жыл бұрын тыйым салынған. Өйткені, есірткінің балама түрін пайдаланған кейбір нашақор  тіл тарпай кеткен.       

¤«Ақ жол» партиясына метадон терапиясын қолдануға қатысты шағым хаттар жиіледі. 2008 жылдан бері бұл әдіс Алматы, Өскемен, Қарағанды, Семей, Тараз, Қостанай және Екібастұзда қолданылып келеді. Осы жоба бойынша, Ішкі Істер Министрлігінен қорытынды шығарып, нәтижесін жария етуін сұраймыз. Әрі, алдағы уақытта оны қолдануға тосқауыл қойылса деген ойдамын», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Меруерт ҚАЗБЕКОВА.

¤¤Осы жиында мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы да тысқары қалмады. Төменгі палата депутаты Мегеррам Мегерамов денсаулық сақтау министрін сынға алды. Айтуынша, кембағалдарға арналған арбалар осы күні ескірген. Оны балалар түгілі, ересектер де қозғалта алмайды екен. Одан бөлек, тіл мен естуінде мүкістігі бар бүлдіршіндерді оқытатын маман тапшы.