Алматы қаласының мәслихаты үш депутатпен толықты

01.11.2017 22:42

Алматы қаласының мәслихаты үш депутатпен толықты. Олар босап қалған орындарға таласқан болатын. Кандидаттарды сайлау үш округте өткізілді. Сайлауға аудан халқының 30 пайызы қатысқан. Саяси доданың барысын 300-дей бақылаушы мен депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдері бақылады. Еске сала кетейік, науқанға жалпы саны 9 адам, яғни әр округтен 3 кандидаттан таласқа түсті. Сайлаудың нәтижесінде, №6 округтен «Алматы қаласын дамыту орталығының» директоры Жанна Төлегенова, ал 16-шы округтен кәсіпкер Вячеслав Банщиков және 21-ші округтен IT университетінің ректоры Дамир Шыныбеков мәслихат депуттаттары болып сайланды.

«Алматы қаласы бойынша қатысқандардың жалпы саны 23 045 адам болып белгіленді. Негізі жалпы сайлаушылар саны 3 округ бойынша 85 045 адам болған. Сайлауға 55 сайлау учаскесі қатысты. Сайлау науқаны негізі дұрыс, жақсы өтті деп айта аламыз. Себебі, бірде-бір шағым түскен жоқ сайлау күні», - деді Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна АСАНОВА.

Жалпы елімізде 370 азамат депутаттық мандатты иеленуге ынта білдірген. Сайлау комиссиясы науқан кезінде облыс, қала және аудан мәслихатына кандидаттыққа оның 335-ін тіркеген. 29 қазан күні Қазақстанның 15 облысында орны босап қалған жергілікті мәслихат депуттаттарын сайлау 105 учаскеде өткізілген. Айта кетейік, еліміздің сайлау туралы заңына сәйкес саяси додада 5 пайыздан жоғары дауыс жинағандар алдын-ала өткізген жарнасын, яғни 122 мың 295 теңгені қайтарып алуға құқылы. Ал 29 қазан күні додаға түскен 9 кандидат та бұл сомманы қайта алады.