Медбикелер колледжде бакалавр дәрежесін алып шығады

Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматыдағы Республикалық медицина колледжі медбикелерді жаңа стандарттар бойынша оқытуға көшті. Биылдан бастап оқу орны Финляндияның білім беру моделін енгізді. Медбикелер енді колледжде бакалавр дәрежесін алып шығады, яғни, науқастарды емдеу мен оларға күтім көрсетуде дәрігерлер атқаратын кейбір функцияларды енді медбикелер де атқара алады. Сондай-ақ, мамандарды заманауи менеджементке, әкімшілік жұмыс пен басқару дағдыларына да үйретпек. "Қолданбалы бакалавр медбикеге белгілі бір шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Қазір біздің елімізде медбикелердің науқастың жағдайы күрт нашарлап жатса, дәрігердің тағайындауынсыз медициналық препараттар қолдануға құқы жоқ. Ал, қолданбалы бакалавр дәрежесін алған соң медбике өздігінен шешім қабылдайды",- деді Республикалық Медицина колледжінің атқарушы директоры, Найля РУЗДЕНОВА. Халықаралық стандарт бойынша енгізілген жаңа жүйемен оқуға биыл 25 адам қабылданыпты. Олар жұмыс өтілі үш жылдан кем емес білікті медбикелер. Мемлекеттің арнайы гранты арқылы бакалавр дәрежесін алатындар 1,5 жыл оқиды. Сабақтардың көп бөлігі тәжірибелік сабақтар. Ал, оқуды аяқтаған соң медбикелерге әрмен қарай магистратураға, докторантураға да түсіп, білім жетілдіруге мүмкіндік туып отыр. Айта кетсек, медбикелердің біліктілігін арттыруға бағытталған жаңа білім беру жүйесі әзірге еліміздің алты өңірінде енгізілген. "Менің 24 жыл тәжірибем бар, соны әрі дамытып іскерлігімді арттырайын,-деп білімділігімді, біліктілігімді арттырайын,- деп осы қолданбалы бакалавриатқа келіп түстім. Біз түскен кезде өзіміз эссе жаздық. Біз қандай мүмкіншіліктер аламыз, осы оқуды бітіргенде? Кадрлық өсуімізді, білімімізді және біліктілігімізді арттырамыз. Ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіншіліктеріміз бар",- деді Республикалық Медицина колледжінің студенті, Қамар ДӘУЛЕТОВА.

Новости партнеров