Медеу ауданында бір тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды

15.12.2016 15:30

Медеу ауданында тағы бір тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды. Заманауи үлгідегі көпқабатты 279 пәтерлі «Samal Tower» - еліміздің егемендігі қарсаңында салтанатты түрде пайдалануға берілді. Тұрғын үй кешенінің 88 пәтеріне үлескерлер жайғасады. Айта кетейік, жаңа тұрғын үй кешендері «Қолжетімді баспана», «Нұрлыжол» бағлдарламалары аясында жүзеге асуда.

«Еліміз үшін қастерлі мереке тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында  ауданымыздың ең жайлы Самал ықшам ауданында орналасқан 279 пәтерлі бұл тұрғын үй кешені тәуелсіздің күніне ең тамаша тарту болады деп ойлаймын. Себебі көптен күткен біздің отандастарымыз баспаналарына қол жеткізіп отыр», - деді Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.

Бүгінде Медеу ауданында 45 ірі нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 9 нысан денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік-мәдени салаға бағытталып,  мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған. Сонымен қатар, инвесторлар қаражатына 36 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олардың 15-і тұрғын үй құрылысына бағытталған.