«Медеу» мұз айдыны 330 мың адамды қабылдауға дайын

19.10.2017 23:00

«Медеу» жаңа маусымды бастауға сақадай сай. Биыл 45 жыл толып отырған мұз айдынында  түрлі қысқы фестивальдер жоспарланған. Ал «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында қараша және желтоқсан айларында халық коньки тебуді тегін үйрене алады. Бұрын мұндай қызмет түрі 5 мың теңге көлемінде болған екен. Спорт кешені биыл айдынға келушілер санын да рекордттық көрсеткішке жеткізуді көздеп отыр. «Медеудегі» жаңа маусым 21 қазаннан басталады.

«Бұл маусымда біз келушілер санын арттыруды көздеп отырмыз. Шамамен 330 мыңнан астам адамды қабылдауға әзірміз. Былтырғы универсиада кезінде 270 мыңдай адам келген болатын», - деді "Медеу" мұз айдынының маркетинг бойынша директоры Әйгерім НИЯЗБЕКОВА.