Медициналық туризм: Қазақстандықтар шетелде, сырттан келгендер елімізде емделгенді қалайды

02.06.2018 14:09

Елімізде медициналық туризм саласы ақсап тұр. Серпін беру үшін не жетіспейді? Отандық дәрігерлердің шетелдіктерге көрсететін қызмет ақысы қандай? Ал біздің ел азаматтары сырттан емқабылдап, қап-қап ақшаны өзге елдің дамуына шашып жүргені несі? Тақырыпты толығырақ әріптесім Әйкерім Ердәулетқызы зерттеп көрді. Сол үшінде студияға шығып тәптіштеп түсіндіріп беруге әзір.

Иә, Тоғжан! Медициналық туризмді қолтығынан демейтін күн келді. Өйткені біздің ел азаматтары шетелде ем қабылдау үшін миллиардтаған сомманы жұмсайды. Бір ғана Алматылықтардың өзін алатын болсақ, жылына 400 миллион долларды өзге елдің мамандары емдеп-домдағандары үшін шығындайды екен. Осы ретте, ескеретін жәйт, Қазақстанда кез келген отаны жасайтын озық технология жеткілікті. Ел азаматтары үшін квота арқылы тегін жасалады. Ал елімізге аяқ басқан туристерге ақылы болғанымен, алыс-жақын елдерге қарағанда 3 есе арзан екен.  Әйтсе де, өзімізде көрсетілетін көмекке жүгінбейтіндер, нейрохурургия қызметіне  60 мың долларын басқа елдің медицинасының дамуына тастап кетеді екен.  Технология барлық елде бірдей екенін ескерген шетелдіктер қаржысын үнемдеп бізден ота жасатып кететіндері бар. Бірақ бұл бірең-сараң ғана жағдай.

«Жақын арада бізде Германия, Израильден жатып, ота жасатып  келген туристер болды. Олар біздің елге саяхаттап келгенде инсульт алып қалған жағдайда біз оларға алғашқы көмегімізді көрсеттік. Отасын жасатып, аяқтарына тұрғызып, шығарып салдық.  Бұл өз елдеріне қарағанда 3-4 есе арзан боп келеді ғой.  Шетелде бұл оталарды мысалы Германияны, Израильды алайық, бұл операциялар шамасы 30 мыңнан 60 мың долларға ейін есептелінеді. Біздің елде бұл оталар ең көп болғаны 15 мың долларға жетеді»,-деді дәрігер-нейрохирург Мақсат МҰСАБЕКОВ. 

Қазақстанда қос бүйрегі жұмыс істемейтін 5 мың адам бар. Бірақ олардың  да шетелге шығып саяхаттағысы келеді. Алайда көбісінің қалтасы көтере бермейді дейді. Туристік агенттіктің құнынан қарағанда шетелде ем қабылдауы екі есе қымбат. Дәл осындай бүйрексіз жүргендер аптасына кем дегенде 3 рет қанын тазартып тұруы керек екен. Өзімізде бұл қызмет тегін. Сыртқа шықса бір сеансы 40 мың теңгені құрайды. Қатарынан 3 күн жүргізілетін процедураны төлеуге  әркімнің шамасы келмейді. Ал Қазақстанға өзге мемелекеттің дәл осындай гемодиализ диогнозымен келгендерге дәрігерлердің көрсететін қызмет ақысы 15 мың теңгеден әрі аспайды.

«Осы тақау арада, Италиядан, Ресейден келді, Жапониядан келеді. Жылына шет еледн 10-15 адам келетін анық. Осы қолданылып жатқан технологиядан артылып кеткен бір мемлекет жоқ. Оны маман ретінде айта алам»,-деді  орталық клиникалық ауруханасы қан тазарту бөлімінің меңгерушіс ЖОЛЫМБЕТ ТӨЛЕУОВ.

Ал қазақстанда дәл осындай қызметтің көрсетілетінен бей хабар шетел азаматтары, елімізге  аяғын аттап та баспайды дейді дәрігерлер. Сондықтан туристік агенттіктер туристерге тұшымды ақпарат бере алған жағдай да ғана тарта алатындығын ескертеді. Яғни әуелі, медицинаның мүмкіндіктерін насихаттап, кейін, саяхаттауға қызықтыруға болады деген сөз. 

«Біздің қазақстандағы тур фирмалар біздің бар екенімізді, қандай қызмет істейтінімізді білмейді. Сол туристік фирмалар біздің не қызмет істейтінімізді білмегендіктен, кейбіреулері осы қазақстанға келмеуі де мүмкін. Біздің осы диализде жүрген адамдар жазғұтырым шетелге демалуға барады. Олардан біз білеміз ғой. Олардың тур фирмалары олардың баратын жерін біліп, қашан келетінін біліп, демалып жатқан жерінен трансферді әкеліп сонда йқызмет жасап жатады»,-деді орталық клиникалық ауруханасы қан тазарту бөлімінің меңгерушісі Жолымбет ТӨЛЕУОВ. 

Туристік агенттіктер саяхаттап келген кісі науқастанып қалса, медициналық көмектің міндетті түрде көрсетілетінін алға тартады. Бірақ ескеретін бір жәйт, елімізге ат басын тіреген турист түгелдей сақтандырудан өтпеуі мүмкін. Осы ретте, жағдай өзгере түсетіні жасырын емес.

«Парадокс дерсіз. Қазақстанның қалталы азаматтары шет елде емделуді жөн көреді. Сапасын ескерер, бірақ бағасы маңызды емес. Бұл бір жағынан отандық медицинаға сенбеушілік. Екіншіден менсінбеушілікті байқауға болады дейді көпшілік. Ал менталитеті басқа Еуропа мемлекеттерінің азаматтары сапа бар, баға төмен жерге емделуді мақсат етеді. Мәселен, 20 мың шетелдік жыл сайын Қазақстанға ем алу үшін арнайы келеді. Түсінікті жайт, елге келген әрбір шетелдік ол-турист», -деді туристік агенттіктің директоры Раушан ИБРАГИМОВА.

«Бізге алыс және жақын шет елдерден де келеді. ТМД және шекаралас мемлекеттерден алыс шетелден де келіп ем алып жатады. 2017 жылғы қарайтын болсақ, 200 науқас шетелден келіп ем алған. Кардиохирургияға оталарды айтатын болсақ, клапндар болатын болса, нейрохирургияны айтатын болсақ, эмбализациялар бар, воскулярный нейрохургия бар. Бұлардың барлығына шетелдерден келіп, ота жасатып кетіп жатады»,-деді дәрігер-кардиолог Нұрбек ЕРАЛИЕВ. 

Қалай десекте, Қазақ жеріне келетін туристердің қатары жыл сайын артып келеді. Былтыр елімізге 7 млн 700 мыңдай шетелдік келіпті. Оның 3 млнан астамы Өзбекстан, 2-млнға жуығы Ресейдің, 1 млннан көбі Қырғыз азаматтары. Тек қана, соңғы жылдары Тәжікстан, Әзербайжан, Германия, Түркия, Қытай, Беларусь, Украина, Түрікменстан және Оңтүстік Корея сондай-ақ мен АҚШ-тан келушілер көбейген. Дегенмен туризм әлеуеті мол Қазақстан үшін қазірдің көрсеткіштің өзі жеткіліксіз дейді саланың белді сарапшылары.

Рақмет. Медициналық туризм бойынша ақпаратымен бөліскен әріптесім Әйгерім Ердаулетқызы болатын.

Фото: kazahstanzaman.kz