«Мектепке жол»: Ақтөбе полицейлері жетім балаларға 5,5 млн теңге аударды

29.08.2018 20:12

Аталған қайырымдылық шарасына жыл сайын қатысатын тәртіп сақшылары биыл да бір күндік жалақыларын балалар үйлеріне аударды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Алға облыстық балалар үйі, Жайсаң арнайы білім беру ұйымы, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы басшыларына салтанатты түрде сертификаттар табысталды.

Бұдан басқа, аудандық бөлімшелер де тыс қалмады. Олар аз қамтылған, көпбалалы отбасы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, көмекке мұқтаж балаларға 735 мың теңгеге оқу құрал-жабдықтар сыйлады.