Мемлекеттік күзет қызметі өз қатарына жас сарбаздарды қабылдады

29.05.2018 в 15:46

Сап түзейтін сарбаздардың қатары артты. Мемлекеттік күзет қызметі өз қатарына 285 жеткіншекті қабылдап, әскери ант қабылдады. Қатаң талаптан сүрінбей өткендер, енді 1 жыл бойы Алматыда Президенттік полк «Батыр» мен Астанадағы «Айбын» полкінде Отан алдындағы борышын өтейді. 

«Барлық заманауи техникамен жабдықталған біздің әскери бөлім. Соңғы үлгілер, әскери техникада, қару-жарақтарда. Әр әскери бөлімнен офицерлер жіберіледі, әскери облыс аймақтарына. Шақырушыларға талап қойылады. Бойы 180-нен төмен болмауы керек, физикалық жағынан мықты болуы керек», - деді «Батыр» Президенттік полк командирі, подполковник Бақытжан ҚУАНЫШБАЕВ.