Меморандум:зорлыққа ұшыраған балаларға қолдау көрсету

09.06.2018 в 03:41

Алматы әкімдігі мен ЮНИСЕФ өкілдері  балалар мен қала жастарын қолдау туралы өзара меморандумға қол қойды. Қос тарап алдағы уақытта балалардың  жағдайын мониторинг жүйесі арқылы біліп  отыру, зорлыққа ұшыраған балаларға қолдау  көрсету,  жасөспірімдер арасындағы суицидтің  алдын  алу  жұмыстарын бірлесіп жүргізбек.  Өзгеше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті шаралар қабылданады.

«Біріккен бұл игі қадам балалар құқығын қорғау саласының жұмысын жандандыруға, Алматыдағы  әр бала үшін жақсы жағдай жасауға, өскелең жас ұрпақтың жан- жақты дамуын қамтамасыз ететініне сенімдімін»,-деді Алматы қаласының әкімі  Бауыржан БАЙБЕК.  

Бүгінгі күні қалада 400 мыңнан астам бала және 35 жасқа дейінгі  700 мыңнан аса азаматтар өмір сүруде. Тұрмысы төмен  жанұялардың оқушыларына көмек  көрсету мақсатында 2018  жылы жергілікті  бюджеттен 771 миллионнан астам теңге қарастырылған. Ерекше күтімді қажет етін балалар үшін қаланың 115 мектебінде инклюзивті  оқыту ұйымдастырылған және 10 заманауи инклюзивті балалар алаңдары салынған. Былтырдан бері «Бала болашақпен бірге» атты дельфиндік терапияның пилотты  жобасы жұмыс істеп келе жатса, биылдан бастап  3 жасқа дейінгі әлсіз  балаларға көмек жобасы басталды. Бұндай заманауи, кешенді және тұрақты  сауықтыру шараларының тиімділігі 90%-ға дейін  мүгедектіктің алдын алуға ықпал  етеді.