|
24.08.2018 | 17:10
10492

Белгілі ғалым Тұрар Лаумулиннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Белгілі ғалым Тұрар Лаумулиннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

Белгілі ғалым Тұрар Лаумулин тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. Өмірін тау-кен саласына арнаған инженер-геолог Тұрар Мұратбекұлы ескерткіш тақта орнатылған үйде 20 жылдан астам тұрған. Геологиялық-минералдар саласы бойынша  докторлық  диссертация қорғаған ғалым 200-ден астам ғылыми еңбек жазып, жер қойнауының құпиясын ашуда өлшеусіз еңбек етті.  

«Ата-бабаларымыздың есімін сақтап, олардың мұраларын, атын құрметтеу еліміздің мәдени құрамдас бөлігі және рухани компоненті. Бұл біздің қаламыз үшін және бүкіл ел үшін өте маңызды оқиға болды, себебі, бұл Тұрар Мұратбекұлы біздің отбасымыздың мүшесі ғана емес, сонымен қатар еліміз өнеркәсібін, мемлекетімізді құруға атсалысқан, зор еңбек сіңірген адам», – деді Т. Лаумулиннің ұлы Шоқан ЛАУМУЛИН.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир